Сoronavirus2020.kz сайты 30 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты жариялады.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 543 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 32 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бері 25 658 адам дертке шалдығып, 284 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 549 жетті.