04 қыр, 2020 сағат 07:01

Өткен тәулікте 481 адамға пневмония диагнозы қойылды

4 қыркүйекте тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 481 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 58 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 26 803, қайтыс болғандар - 305, ал жазылып шыққандардың саны 5 831 жетті.