22 қаң, 2021 сағат 06:26

«Отбасы банк» зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім беруге болатын онлайн-платформаны іске қосады

«Отбасы банк» 23 қаңтарда зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға өтінім беруге болатын онлайн-платформаны іске қосады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бір жолғы зейнетақы аударымын азаматтар өздігімен пайдалана алады. Ал егер БЖЗҚ салымшысы алуға болатын төлемді пайдаланғысы келмесе, ол оны өзінің туысына, мәселен зайыбына аудара алады», - деп хабарлайды банктен.

Еске сала кетсек кеше ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану ережелерін жариялаған болатын.