05 қыр, 2024 сағат 11:01

Отбасы банк "Отау" және "Наурыз" ипотекалық бағдарламаларына өзгеріс енгізді

Фото: pexels.com

Отбасы банк 16-25 қыркүйек аралығында Отау және Наурыз бағдарламалары бойынша қосымша өтінім қабылдайтынын жариялайды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Ult.kz хабарлайды.

"Егер сіз осыған дейін бағдарламалардың негізгі тізіміне кірмеген болсаңыз немесе қатысу туралы шешімді енді қабылдаған болсаңыз, бұл сіздің мүмкіндігіңіз!" - дейді банктегілер.


Банк клиенттердің ұсыныстарын мұқият қарастырып, «Отау» бағдарламасына өзгерістер енгізілген:
енді өтінім беру алдында депозитті ашуға болады, жинақтау мерзімі ескерілмейді.

Сондай-ақ, Астана, Алматы қалаларында несие сомасы 36 млн теңгеге дейін, ал басқа өңірлерде 30 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.

  • - Алматы және Астана қалаларында тұрғын үйді сатып алу орнында тіркелу талабы жойылды.
  • - Әлеуметтік осал топтарға жататын, тұрғын үйге мұқтаж жандар үшін сыйақы мөлшерлемесі 7%-ға дейін төмендетілді.
  • - Отау және Наурыз бағдарламалары үшін бірыңғай баллдық есептеу жүйесі енгізілді.
"Отау және Наурыз бағдарламалары Қазақстанның барлық азаматтарына қолжетімді, тұрғын үй кезегінде болу міндетті емес. Банк ұсынылатын тұрғын үй санын ұлғайту мақсатында Қазақстанның құрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізуді жалғастыруда. Қасысушылардың барлығы дерлік қоныстойын атап өтеді деген ойдамыз", - делінген хабарда.