08 шіл, 2020 сағат 13:38

Отандық кәсіпорындар бір тәулікте 748 мың дана бетперде шығарды

Өткен тәулікте отандық кәсіпорындар 748 мың дана бетперде шығарды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

«2020 жылғы 7 шілдедегі жағдай бойынша елімізде тәулігіне 748 мың дана бетперде өндірілді. Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар 549 мың дана, тігін – 199 мың дана өндірді. Қоймаларда 3 798 мың дана бетперде бар. Тиісті ақпарат «СҚ-Фармация« ЖШС-на беріліп тұрады. Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді ел өңірлеріне бөледі. Медициналық бетперделердің ірі өндірушілерінің бірі «Dolce-Pharm« фармацевтикалық компаниясы болып табылады. Өткен тәулікте кәсіпорын 210 000 дана бетперде шығарды», делінген хабарламада.