«Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов Қытайдан заңсыз өткен Қастер Мұсаханұлы, Мұрагер Әлімұлына және Қайша Ақан ісі қалай шешіліп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қастер Мұсаханұлына, Мұрагер Әлімұлына және Қайша Ақанға Қазақстан Республикасының азаматтығы берілмейтін болды. Оларды енді Қытайға қайтара ма? Жалпы осындай мәселелер қалай реттеледі?», - деген сұрақ қойылды Орталық коммуникациялар қызметінде Сарбасовқа.
«Мен нақты айта аламын, бұл азаматтарды Қытайға қайтару мәселесі мүлдем қаралып жатқан жоқ. Себебі бұл бауырларымыз «босқын» мәртебесін алған еді. Босқын мәртебесін алып, қазір жұмыс істеуге, тұруға құқылы. Бірақ дегенмен, олар мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін жауапқа тартылған болатын. Олар тек мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін бір жылға жазаланды. Қазір босқын мәртебесіне ие. Келесі жылдан бастап, халықаралық тәжірибеге сәйкес тиісті өзгерістер Ішкі істер министрлігінде өзгерістер қаралып жатыр. Еркін жүріп-тұруына, елден шығып немесе қайтып кіруіне жағдай жасалады. Бірақ келесі жылы, қазір мұның барлығы пысықталып жатыр», - деп түсіндірді «Отандастар» қорының өкілі.
