16 қаң, 2023 сағат 14:55

ОСК Сенат депутаттары сайлауының нәтижесін жариялады

Көрнекі фото: Парламент Сенаты

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутаттарын сайлаудың нәтижесін жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл жолы әр өңірден 1 өкілден 20 сенатор сайланған. Орташа есеппен бір орынға 6 адамнан таласқан. Жалпы, 130 кандидат ұсынылып, 55-і Сенаттағы орынға үміткер болды. 

Сайлау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып сайланды: 

Абай облысынан - Қайрат Құлбайұлы Тастекеев, 1967 жылы туған, құрылыс колледжінің директоры, Семей қ.;

Ақмола облысынан – Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов, 1963 жылы туған, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы, Көкшетау қ.;

Ақтөбе облысынан – Амангелді Шайхоллаұлы Нугманов, 1967 жылы туған, Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы, Ақтөбе қ.;

Алматы облысынан – Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев, 1960 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Алматы облысының Қаскелең қ.; 

Атырау облысынан – Әлібек Ибатоллаұлы Нәутиев, 1963 жылы туған, Атырау облыстық мәслихатының хатшысы, Атырау қ.; 

Батыс Қазақстан облысынан – Арман Кәрімұлы Өтеғұлов, 1964 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Орал қ.;

Жамбыл облысынан – Сәкен Қаланұлы Арубаев, 1976 жылы туған, Шу ауданының әкімі, Жамбыл облысының Шу қ,;

Жетісу облысынан - Амангелді Ғабдылкәрімұлы Толамисов, 1977 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Талдықорған қ.; 

Қарағанды облысынан – Серік Балғатайұлы Өтешов, 1963 жылы туған, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы, Қарағанды қ.;

Қостанай облысынан – Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов, 1968 жылы туған, Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары, Қостанай қ.;

Қызылорда облысынан – Руслан Рүстемов, 1968 жылы туған, Қызылорда облысының Мәдениет және спорт басқармасының басшысы, Қызылорда қ.;

Маңғыстау облысынан – Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров, 1971 жылы туған, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары, Ақтау қ.;

Павлодар облысынан – Ернұр Нұрмұханұлы Әйткенов, 1965 жылы туған, Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы, Павлодар қ.; 

Солтүстік Қазақстан облысынан – Гүлмира Раинбекқызы Кәрімова,       1977 жылы туған, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы, Петропавл қ.;  

Түркістан облысынан – Мұрат Болатұлы Қадырбек, 1980 жылы туған, Жетісай ауданының әкімі, Түркістан облысының Жетісай қ.;

Ұлытау облысынан - Советбек Тұрсынұлы Медебаев  , 1965 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Ұлытау облысының Ұлытау ауылы; 

Шығыс Қазақстан облысынан – Шәкәрім Сабырұлы Бұқтұғұтов, 1961 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Өскемен қ.;

Астана қаласынан – Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай, 1971 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, Астана қ.;

Алматы қаласынан – Жанна Бейсентайқызы Асанова, 1975 жылы туған, «Алматы даму орталығы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, Алматы қ.;

Шымкент қаласынан – Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров, 1964 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Шымкент қ.