25 қаң, 2023 сағат 13:12

ОСК Президент тағайындаған Сенаттың он депутатын тіркеді

© Sputnik / Абзал Калиев

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған Сенаттың он депутатын тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

"Парламент Сенатының депутаты ретіндегі өкілеттеріңіз басталады. Еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы - Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болдыңыздар", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров депутаттар алдында сөйлеген сөзінде.

Сенат депутаттарының куәліктері мен төсбелгілері табысталды:

  • Жақып Асанов (Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы);
  • Мәулен Әшімбаев (қайта тағайындалды);
  • Нұртөре Жүсіп (қайта тағайындалды);
  • Ләззат Қалтаева (қайта тағайындалды);
  • Асқар Шәкіров (қайта тағайындалды);
  • Евгений Больгерт (ҚХА-дан);
  • Зәкіржан Кузиев (ҚХА-дан);
  • Нурия Ниязова (ҚХА-дан);
  • Әлішер Сатвалдиев (ҚХА-дан);
  • Геннадий Шиповских ҚХА-дан).

2022 жылғы республикалық референдумда Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылданды. Енді Президент 15 емес, он депутатты тағайындайды, оның бесеуі – Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша.

Еске салайық, бір күн бұрын Президент жарлығымен 13 сенатордың өкілеті тоқтатылған болатын.