Орталық сайлау комиссиясы екі депутаттың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2022 жылғы 4 наурызда Нұрлан Әбдіров бейнеконференция режимінде Орталық сайлау комиссиясы отырысын өткізді.
Отырыста Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Парламент Мәжілісінің депутаттары Файзолла Қаменов пен Сергей Решетниковтың өкілетін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы қаулы қабылдаған. Қаулылар Мәжіліске жіберіледі.
Отырысқа Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Асылбек Смағұлов пен Ақтөбе облысына іссапармен келген Шавхат Өтемісов қатысқан.
1006 рет оқылды