19 мау, 2021 сағат 11:50

"Ордабасы" жанкүйерлері жеңілістен кейін команда автобусын стадионнан шығармай қойды


Футболдан Қазақстан чемпионатында тағы да ұпай жоғалтқан "Ордабасы" командасының жанкүйерлері клуб автобусын стадионнан шығармай, жолын жауып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Команда нәтижелеріне көңілі толмаған жанкүйерлер клуб басшылығымен сөйлеспек болды: кейінгі турда "Ақжайықты" жеңгенге дейін шымкенттіктер жеті кездесу қатарынан жеңіске жете алмады. Осылайша тараптары баспасөз конференциясын өткізуге келісті.

Бұған дейін клубты қымбат легионерлерден бас тартуға мәжбүр етуі мүмкін шарттар айтылған болатын. Қазір "Ордабасы" 21 ұпаймен жетінші орында, еурокубок алаңына үш ұпай жетпей тұр.

Еске салайық, "Ордабасы" 16-турда өз алаңында "Ақтөбеден" жеңілді, команда 15 кездесудің бесеуінде ғана жеңіске жетті.