06 қар, 2024 сағат 14:34

"Орда" тобы неге тарады?


Фото: tengrinews.kz алынды
Бұған дейін “Орда” тобының тарайтыны туралы ақпарат берген едік.  Көрермен көзайымына айналған бойсбэнд келесі жылы топтың 25 жылдық мерейтойына дайындық үстінде. Қоштасу осы концертте болмақ. 

«Топтың құрылғанына келесі жылы ширек ғасыр болады, бұл дегеніміз өміріміздің жартысынан да көп. Сондықтан да, әрине, іште аздаған қимастық бар»,- дейді Дастан Оразбеков Revue News-ке берген сұхбатында.


Бұл жаңалықты Орданың жанкүйерлері жеңіл қабылдаған жоқ. Әлеуметтік желіде топтың жанкүерлері топтың тарауын қимастықпен талқылап жатыр. 

“Орда” тобы менің балалық шағымнан бастап сүйіп тыңдайтын тобым. Жастық кезімнің естеліктері де осы топпен байланысады. Әрине қимаймын, өкініш бар”- дейді, Орда тобының жанкүерлері.


Фото:stan.kz

Ал топ мүшесінің өзі осынша жыл сахнадан түспеген Орданың тарауын былай түсіндірді. 

“Кезі келді ме, реті келді ме, әрқайсымыздың жұмысымыз бар. Ғасырдың төртінші бөлігі, өз өмірімнің жартысынан көбісі, сондықтан да қимастық, әрине іште бар”- деді, топ мүшесі Дастан Оразбеков. 


“Орда”  тобы алғаш рет 2001 жылы көрерменге таныстырылған болса, 2002 жылы “Бауыржан шоу” театрынан бөлініп шығып жеке шығармаларын халыққа ұсынған. 2003 жылы “Орда” өзінің алғашқы клипін Ташкент қаласында түсірген. 2004 жылы топ “Бангормен” танысып, өздерінің жеке студияларын аша бастайды. Дәл осы студияда топтың бірінші күйтабағына кірген әндер жазылады. Ал, 2007 жылы Орданың “Не покидай меня” әні "Еуропа +" радиосы жүргізетін хит-парадының жеңімпазы атанады.

Осынша жыл бойы хадықтың ыстық ықыласына бөленген топ мүшелері шығармашылық жолын жеке жалғастырады, дегенмен топтың әндері жанкүйерлер жадында мәңгі сақталмақ.


Дайындаған: Бекболат Мұхтаров