Оралда адам өлтірген күдікті қылмыстың ізі суымай ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұдан бұрын жазғанымыздай, Оралда төбелес болып, жас жігіттің денесі табылған еді.
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, қанды оқиғаға қатысушылар мен куегерлерді анықтауға барлық жеке құрам жұмылдырылды.
Соның нәтижесінде аса ауыр қылмысты жасаған 1998 жылғы күдікті қолға түсті. Оның кінәсін мойындаған сөздері тергеу барысында дәлелін тапты.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.