01 шіл, 2021 сағат 12:35

Оралдың «Ақжайығына» жаңадан ойыншылар алынды


Премьер-лигада өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығына» жаңадан ойыншылар алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ақжайық» футбол клубы мәлім еткеніндей, ресейлік қақпашы Степан Сикачпен келісімшартқа қол қойылды.

Молдова футболының түлегі С.Сикач спорттық жолын жергілікті «Шерифте» бастап, Ресейдің «Ахмат», «Салют», «Волгарь», «Торпедо», «Афипс», грузиялық «Колхети-1913», «Динамо» (Тбилиси) және «Самтредиа» клубтарында ойнады.

ФНЛ кубогының иегері (2015), күміс жүлдегері (2018), Грузия чемпионы (2019).

Украиналық маман Владимир Мазяр жаттықтыратын командада негізгі қақпашы, оның отандасы – Сергей Литовченко. Сондай-ақ «Қайраттың» түлегі Илья Караваев та бар.

«Ақжайыққа» сондай-ақ 23 жастағы грузиялық жартылай қорғаушы Лука Имнадзе келді. Ол «Гурия», «Сабуртало», «Колхети», «Рустави», «Самтредиа», «Сабаил» клубтарында доп тепті.