07 сәу, 2021 сағат 14:48

Оралдық тұрғын алған қарызы 22 млн теңгеге жеткенше қайтармаған

Оралдық тұрғын алған қарызы 22 млн теңгеге жеткенше қайтармаған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 33 жастағы ер адамнан танысы 2018 жылы сеніміне кіріп, пайызбен қарызға ақша алған. 

Қарызы өсе келе 22 млн теңгеге жеткен. Осыдан кейін жәбірленуші полицияға шағым түсірген. 

Қабылданған шаралар нәтижесінде 32 жастағы ер адам қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Қазіргі кезде алаяқтық дерегі бойынша ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.