10 мау, 2021 сағат 21:04

Оралда төрт жасар қыз бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті


Оралда төрт жасар қыз бала төртінші қабат терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 18.04-те Алматы көшесі 109/1-мекенжайында орналасқан 5 қабатты үйде болды. 

Ата-анасының қарауынсыз қалып, төртінші қабаттан құлаған 2017 жылғы қыз ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр.

Алдын ала мәліметке қарағанда, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Мұрны сынып, ішінен де жарақат алған.

Осымен өңірде жыл басынан бері алты бала терезеден құлап, біреуі көз жұмды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 18.04-те шақыртылып, бригада бес минуттан кейін жетті. О қиғаның жай-жапсары анықталу үстінде. 

Қазіргі кезде облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травматология бөлімшесінде жатқан қыздың жағдайы тұрақты.