25 қаз, 2021 сағат 17:30

Оралда бопсалаушылар ұсталған сәт видеоға түсірілді


Оралда 2 миллион теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полиция департаменті Орал қаласының екі тұрғыны ұсталғанын хабарлады. Операцияға полиция мен ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері қатысты.

Күдіктілерді ұстаған сәт видеоға түсіп қалған. Кадрда қауіпсіздік қызметкерлері долларларды қайта санап жатқаны көрінеді. Полиция 22 қазанда күдіктілер жәбірленушіден ақша алған кезде ұсталғаны хабарланды. Тінту кезінде заттай дәлелдер алынды.


видео: Tengri TV

"Криминалдық полиция басқармасына Орал қаласының 41 және 35 жастағы екі тұрғынының зорлық-зомбылық көрсетіп, Орал қаласының 40 жастағы тұрғынынан екі миллион теңге қорқытып алатыны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі "Бопсалау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді, ұсталғандардың қылмыстық әрекеттерінің басқа да жайлары анықталды", - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір тергеу ұсталғандардың қылмысынан зардап шеккен адамдарды анықтап, олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Осы бап бойынша күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.