Оралда 21 жастағы тұрғын әйелдің 14 млн теңгесін қарызға алып, қайтармаған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, аталған тұрғын 47 жастағы әйелдің сеніміне кіріп, ақшасын алып, алдап кеткен.
Күдікті ұсталып, одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция департаментінің деректеріне қарағанда, соңғы кезде өңірде мұндай алаяқтық деректері көбейіп барады.
Орал қаласының 20 жастағы тұрғыны жүргізуші куәлігі мен әскери билетті аламын деп, 480 мың теңгесінен айырылған. Ол өткен жылдың қыркүйек айында құжаттарды алып беремін деген алаяқтың алдауына түскен. Ақыры алданғанын біліп, жарты жылдан кейін полицияға жүгінген. Соның нәтижесінде 26 жастағы К. полиция қызметкерлерінің қолына түсті.
Тағы бір, 1968 жылғы оралдық тұрғын жарты млн теңгесінен қағылды. 40 жастағы әйел оның сеніміне кіріп, үйінде құрылыс жұмысын жүргіземін (саты жасаймын) деп, ақшасын алып кеткен. Бұл алаяқтың да басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.