14 мау, 2021 сағат 15:20

Оралда автокөлік әйел адамды қағып кетті


Оралда автокөлік әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Әбілқайыр хан даңғылында болды.

«Автокөлік шамамен жасы 50-дегі әйел адамды қағып кеткен. Жедел жәрдемге сағат 12.04-те қоңырау шалынды. Бригада бес минуттан кейін оқиға орнына жетті. Бірақ әйел адам алған жарақаттары салдарынан сол бойда қайтыс болып кеткен», деп хабарлады ведомстводан. 

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.