22 қыр, 2021 сағат 23:06

Оралда 28 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін сатып жіберген


Оралда 28 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін сатып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған келіншек Бөрлі ауданында тұратын ерлі-зайыпты тұрғындармен келісіп, сәбиін беріп жіберген. 

Полиция қызметкерлерінің жұмысы нәтижесінде келіншек ұсталып, қазіргі кезде ҚР ҚК 135-бабы 1-бөлігіне (кәмелетке толмағандарды сату) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыста 19-24 қыркүйек аралығында жүргізіліп жатқан «Стоп-трафик» жедел іздестіру іс-шаралары барысында 4 қылмыстық құқықбұзушылық ашылып, 10 адам әкімшілік жауапқа тартылды.