#
#
Дүйсенбі 06/07/2020

ОПЕК+ отырысы қарсаңында мұнай бағасы өсіп жатыр

  • 02.06.2020
  • 0
  • 230

Сейсенбі күні мұнай бағасы алдағы ОПЕК+ отырысы қарсаңында өсті. Отырыс осы аптаның соңында онлайн өтеді деп күтілуде.

LCO Brent маркалы мұнай фьючерстері 1-інен бастап 0,94%-ға немесе 36 центке, яғни баррелі 38,68 АҚШ долларына дейін қымбаттады, деп хабарлайды Reuters агенттігі. 

West Texas Intermediate (WTI) CLc1 маркалы шикі мұнай фьючерстері 0,73%-ға (26 центке), яғни баррелі 35,70 АҚШ долларына дейін қымбаттады. ОПЕК+ өндірушілері шілде немесе тамыз айларында мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 миллион баррельге (әлемдік өндірістің шамамен 10%) азайту мәселесін 4 маусымда болатын онлайн-отырыста қарастырады.

Сәуірде келісілген ОПЕК+ жоспарына сәйкес жеткізілімдердің рекордтық қысқаруы мамыр мен маусым айларында басталып, шілде-желтоқсан аралығында тәулігіне 7,7 млн баррельге дейін азаяды. 

Дереккөздер өткен аптада Reuters агенттігіне Сауд Арабиясы мұнай өндіруді айтарлықтай азайтуды одан әрі жалғастыру туралы келіссөз жүргізіп жатқанын айтты. 

Бұл ұзарту мүмкіндігі мұнай бағасының 40 АҚШ долларына дейін өсуіне әкелуі мүмкін екені атап өтілген.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар