Ресейге салынған санкциялар мұнай жеткізудегі ең ауыр дағдарыстардың бірін тудыруы мүмкін және шығынның орнын толтыру мүмкін болмайды. Бұл туралы Брюссельде ұйым өкілдері мен Еуроодақ шенеуніктері арасындағы келіссөзде ОПЕК бас хатшысы Мохаммед Баркиндо айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі REUTERS агенттігіне сілтеме жасап.
Баркиндо айтқан мәліметке сәйкес, қазіргі және болашақ санкциялар нәтижесінде әлемдік нарық тәулігіне 7 миллион баррельден астам ресейлік мұнай мен басқа сұйық көмірсутектерді жоғалтуы мүмкін.
"Қазіргі сұраныс болжамын ескере отырып, мұндай көлемді өтеу мүмкін болмайды", - деді Баркиндо.