"Беттеріне қара бетперде мен қара көзілдірік киген оңтүстікқазақстандық жастар «NinetyOne» тобын қолдап, акция өткізді", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Видео Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды. Қазақ жастарын шараға бастап барған әпкеміз өзінің аталмыш топтың жанкүйері екенін айтады.
Ол: «Осы жерге «NinetyOne» тобының 25 жастан асқан тыңдармандары мен жанкүйерлері жиналып тұр. Мен сіздерге бұл топтың меннен де жасы үлкен тыңдармандары бар екеніне куәгерлік беремін», - дейді де, видеоның осы тұсында аталмыш әпкеміз бен әжейдің болжаммен «NinetyOne» тобының концертінде отырған фотолары көрсетіледі.
Одан әрі, мұсылмандарға шашты бояу сүннет екенін, Алла елшісі Пайғамбар шашты (с.ғ.с.) қызыл, сары, қоңыр түске бояп жүруді бұйырғанын айтады. «Осыларды білмесеңіз сіз өзіңізді қалай шын мұсылманмын деп жүрсіз?», - дейді ол.
Сондай-ақ әпкеміз дала салты бойынша ата-бабаларымыз бен батырларымыз сырға таққанын, күміс жүзіктерді тағып жүру де мұсылмандыққа қайшы еместігін айтады.
Кейін шараға жиналған жастар сөз алып, өздерінің «NinetyOne» тобын қолдайтындарын ағынан жарыла айтты.