ҚР Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктерінің өкілдері Оңтүстік Кореяның Әділет министрлігінің иммиграция қызметінде кездесу өткізді. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Қазақстанның Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Кездесуде көші-қон саласындағы серіктестікті одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды. Екі тарап көші-қон саласында ақпарат алмасу жөніндегі келісімді пысықтап, қол қою туралы өзара түсіністікке қол жеткізді. Бұл келісім заңсыз көші-қон мен қос азаматтықты болдырмауға қатысты ақпараттарды жедел алмасуға мүмкіндік береді. Келісімге қол қою арқылы заңсыз миграцияға және екі ел заңдарының бұзылуына жол бермеу жөніндегі ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығамыз», - дейді ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің басқарма басшысы Асқар Алдоңғаров.