Оңтүстік Корея елінде қазақстандық қыз асылып қалды. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбек Алмашев растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2020 жылдың 16 қаңтарында Оңтүстік Кореяның Ансан қаласында, өз пәтерінде Қазақстан азаматшасының мүрдесі табылды. Қала полициясынан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ол жуынатын бөлмеде асылып қалған», - деді Нұрбек Алмашев.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта тергеу амалдары мен сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Оңтүстік Кореядағы Қазақстан Елшілігінің консулдық бөлімі қаза тапқан қыздың туыстарына қажетті барлық консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.