06 мам, 2021 сағат 10:40

"Онлайн аукциондар жерге меншік құқығын бере алмайды" – Энергетика вице-министрі


Энергетика министрлігі өткізіп жүрген жер қойнауын барлау және пайдалану құқығын беретін онлайн аукциондар жеңімпазға жерге түбегейлі иелік ету құқығын бермейді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында вице-министр Жанат Жахметова осындай мәлімет айтты. 

«Міндетті түрде айта кететін жайт, аукцион арқылы жерге меншік құқығы емес, жер қойнауын пайдалану құқығы берілетінін атап өту маңызды. Бұл құқық «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» Кодексінде реттеледі. Учаскелердегі кез келген технологиялық процестер Энергетика министрлігі жанындағы Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияда қаралады. Жер қойнауын пайдалану құқығын алған инвестор жергілікті атқарушы органмен жерді жалдау туралы шартқа қол қояды», - деген ведомство өкілі аукцион жеңімпаздары жобалау құжатын әзірлеу алдында жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізуге міндетті екенін ескертті.