28 шіл, 2021 сағат 21:17

Өңірлерде вакцинаның қандай түрлері қалды?


ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова өңірлерде қанша вакцина қалғанын айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазіргі уақытта «Спутник V» вакцинасы бойынша 700 мың бірінші компонент дозасы қалды. «Hayat-Vax» - 5,5 мың дозасы тек Маңғыстау облысында ғана бар. «QazVac» – 2900 дозасы Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстарында қалды. Бірақ 99 мың доза «QazVac» вакцинасы бүкіл ел бойынша тасымалданып жатыр, 31 шілдеге дейін барлық өңірлерде «QazVac» екпесінің қосымша көлемі қолжетімді болады. «CoronaVac» вакцинасының 17 мың дозасы бар, негізгі саны – 8 мыңға жуығы Маңғыстау облысында, Қарағандыда, Атырауда және Түркістанда қалған», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.