06 қаз, 2020 сағат 17:10

Өңірдегі праймериз жеңімпаздары республикалық деңгейге өту үшін пікірсайысқа қатысады

Өңірлік праймериз жеңімпаздары республикалық деңгейге өту үшін пікірсайысқа қатысады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев айтып берді, деп хабаралйды ҚазАқпарат.

Брифинг барысында партия хатшысына Мәжіліске партиялық тізім қалыптастыру жөнінде сұрақ қойылды.

«Бұл процесс қатаң түрде реттелген, праймеризді өткізу ережелері бар, онда бәрі көрсетілген. Қарапайым тілмен түсіндірсем, аудандық деңгейдегі мәслихаттар үшін байқау аяқталды деп саналады, ендігі іс жергілікті партиялық органда. Олар аудандық деңгейде, филиал деңгейінде, бюро деңгейінде бекітілуі керек. Облыстық деңгейге және одан әрі Мәжіліске баратындарға келсек, бізде рейтингтік дауыс беру жүргізілді. Аудандар бойынша бірінші орынға ие болғандар – яғни бірінші нөмір және тағы бір ілеспе кандидат, олар әрі қарай іріктеуге қатысу үшін облыстық деңгейге жіберіледі», - деп жауап берді хатшы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде.

Брифинг барысында спикер барлық аудандар мен облыс орталығының жеңімпаздары арасында пікірталас өтетінін айтты.

«Үміткерлер аймақтың квотасына сәйкес ұсынылады. Мысалы, сайлаушылардың белгілі бір бөлігі тұратын Алматы облысын алайық – дауыс беру құқығы бар ҚР барлық тұрғындарынан осы облыстың үлесі есептеледі, соған сай квота болады, осы квотаға сәйкес Талдықорған қаласы депутаттар санын шығарады. Оған қоса, олар облыстық партия конференциясы барысында дебат жүргізеді. Оның арасынан жеңімпаздар анықталады, кейін олар «Nur Otan» партиясынан Мәжіліске партиялық тізіміне енгізіледі», - деді Арман Қырықбаев.

Еске сала кетсек, «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев «Праймериз 2020» ішкі партиялық іріктеуінің негізгі қорытындысын баяндады.

Оның айтуынша, праймеризге ұзын саны 10 990 кандидат қатысқан және оның 7 143-і өзін-өзі ұсынған. Үміткерлердің орташа жасы – 43. Оның 36,7% астамы – әйелдер, 29% – 35 жасқа дейінгі жастар болды.