05 қаз, 2018 сағат 17:06

Өнім өндірушілерді қолдау керектігі айтылды

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауындағы басты мәселелердің бірі – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту болып табылады. Негізінен, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мәселесіне Елбасы ерекше тоқталып өтті.

Орта және шығын кәсіпкерлікке салықтық жеңілдіктер жасау, қаржылық қолдау аясында теңгемен несиелер беру мәселелері кәсіпкерлердің көңілінен шығып отырғаны анық. Одан кейін ең төменгі еңбекақыны 28 мыңнан 42 мыңға дейін көтеру, бұл да тұрмысы төмен отбасыларын қолдаудың бір парасы болып табылады.  

Жолдаудағы басты мәселелердің бірі – ауыл шаруашылығы өнімдерін дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласын одан әрі дамыту. Содан кейін, экспортқа шығарылатын тауарлардың түрін көбейту, еліміздегі тауар өндірушілерді де, олардың өнімдерін де қолдау мәселелері туралы да айтылды. Бұл экономиканы жан-жақты дамытуға, еліміздің бәсекеге қабілетті өнім өндіру мүмкіндіктерін ұлғайта түседі.

Әлімжан ҚҰРТАЕВ,

Парламент Сенатының депутаты