21 ақп, 2025 сағат 12:55

Өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша объектілерге қойылатын талап күшейеді

Фото: Ukimet

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының қауіпті өндіріске тартылған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Ult.kz.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жаңа тәсілдер және еңбек қауіпсіздігі саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. 

2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы аясында нысандарды цифрландыруды ескере отырып, нормативтік-құқықтық актілер қайта қаралады. Өнеркәсіп қауіпсіздігін, ғылымды дамытуды және тиісті орталықтар құруды қамтамасыз ететін нысандарға қойылатын, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторының кадрлық әлеуеті мен құқықтық мәртебесін арттыру жөніндегі талаптар күшейтіледі.

«Қазіргі уақытта өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша жекелеген талаптар қайта қаралуда. Осылайша, азаматтық қорғау жөніндегі заң жобасы шеңберінде апаттық-құтқару қызметтеріне қойылатын талаптар қатаңдатылады, тиісті қызметтердің функцияларын беру арқылы өндірістік бақылауға қойылатын жекелеген талаптар күшейтілуде, сондай-ақ қауіпті өндірістік нысандар иелеріне жабдықтарды жаңарту және жаңғырту бойынша жаңа міндеттер көзделген», - делінген ақпаратта.