09 ақп, 2026 сағат 11:35

Өнер академиясындағы жанжал: күдікті студент бостандықта жүр


Фото: gov.kz

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына қатысты дау шықты , деп хабарлайды Ult.kz egovpress telegram арнасына сілтеме жасап.

Жәбірленуші туыстарының айтуынша, жоғары курс студенті кіші курс студентіне бірнеше рет пышақ жарақатын салған.

Алматы қаласы Алмалы ауданының полиция басқармасы бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің жеңіл бабы бойынша іс қозғаған. Алайда күдікті қазір бостандықта және оқу орнына келіп жүр.