26 ақп, 2019 сағат 14:57

Өмірзақ Шөкеев - Түркістан облысының әкімі

Түркістан облысының әкімі болып Өмірзақ Шөкеев келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап. 

"Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын" делінген Елбасы жарлығында. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды.

Айта кетсек, Өмірзақ Естайұлы Шөкеев 1964 жылдың 12 наурызында Түркістан қаласында дүниеге келген.

1986 жылы Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдады;

1986-1988 жылдары – ҚазКСР Мемлекеттік жоспары жанындағы Жоспарлау үрдістерін автоманттадыру және басқару құрылымдарын жетілдіру ҒЗИ кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді;

1988-1991 жылдары – Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің аспиранты;

1991-1992 жылдары – Жоспарлау үрдістерін автоматтандыру және басқару құрылымдарын жетілдіру ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері;

1992-1993 жылдары –  ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі;

1993 жылы – ҚР Президентінің Аппараты мен Министрлер Кабинетінің қаржы және еңбек бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

1993-1995 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;  

1995 жылдың қарашасынан – 1997 жылдың наурыз айына дейін - ҚР Экономика министрі;

1997 жылдың наурыз-қазан айларында – ҚР Экономика және сауда министрі;

1997 жылдың шілде-қазан айларында – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары (макроэкономика, өнеркәсіптің шұғыл қызметі, сауда, көлік, энергетика, ғылым, ТМД елдерімен қарым-қатынас мәселелері жөнінде);

1997 жылдың қазан айнан – 1998 жылдың сәуір айна дейін – «Банк Тұран-Әлем» ЖАҚ Басқармасының төрағасы;

1998 жылдың сәуір-тамыз айларында – ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары;

1998 жылдың тамыз айнан – 2004 жылдың наурыз айна дейін – Қостанай облысының әкімі;

1997 жылдың ақпан-қараша айларында – ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің мүшесі; 

1997 жылдың қараша айынан 1998 жылдың тамыз айына дейін – ҚР тұрақты даму жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі; 

1997 жылдың наурыз-желтоқсан айларында – «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ бақылау кеңесінің Төрағасы; 

2004 жылдың наурызынан бастап – Астана қаласының әкімі;

2006 жылдың қыркүйек айынан – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;

2007 жылдың тамызынан - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары;

2009 жылдың 3 наурызында Қазақстан Президентінің Қаулысымен ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары болып тағайындалды;

2011 жылдың 11 сәуірінде мемлекет басшысының Қаулысымен кезекті рет ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды;

2011 жылдың 26 желтоқсанында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының Төрағасы болып тағайындалды.

2017 жылдың 15 желтоқсанында  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалған болатын.