Қазақстандық боксшы Олжас Сәттібаев өзінің екінші кездесуінде Әзірбайжан боксшысы Эльвин Мамишзадеге есе жіберді.
Алайда қазақстандық жанкүйерлердің көбісі Олжастың жеңілісіне күмән келтіруде. Әлеуметтік желілердегі жазбаларға сүйенсек, отандастарымыздың көпшілігі төрешінің бұра тартқанына наразы.
Жерлесіміз бірінші раундтан бастап бірінші нөмірмен жұдырықтасып, белсенділік танытқан еді. Алайда төрешілер әзірбайжандық боксшыны жеңімпаз деп таныды.
Ал Сәттібаев болса кездесуден кейін берген сұхбатында өзінің жеңіске лайық өнер көрсеткенін айтады.
Жекпе-жектің толық видео нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз. Шешім өздеріңізден...