Рио-де Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада 52 келідегі Олжас Сәттібаев бүгін алғаш рет шаршы алаңға шығып, пуэрто-рикалық Хевьер Синтронмен қолғап түйістірді.
Алғашқы раундта екі төреші Синтроға берсе, екінші раундта керсінше болды. Ал шешуі үшінші раундта Олжастың бағы жанды. Сөйтіп, 2:1 есебімен қазақстандық боксшы келесі кезеңге өтті.
Енді жерлесіміз әлем чемпионы әзірбайжандық Эльвин Мамишзадемен кездеседі.
Айта кетейік, биылғы жылы бокстан ерлер құрамасы алғаш рет Олимпиада ойындарына толық құрамада барған еді. Бірақ қазіргі кезде үш боксшымыз жарыстан шығып қалды.