15 там, 2016 сағат 18:52

Олжас Сәттібаев келесі кезеңге өте алмады

"Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақ боксшысы Олжас Сәттібаев өзінің екінші жекпе-жегінде әзірбайжан спортшысы Эльвин Мамишзадеден жеңіліп қалды", - деп жазады "Ұлт ақпарат".

Үш раунд бойы қазақ боксшысы қарсыласынан бір бас жоғары өнер көрсеткенмен, төрешілердің шешімен келесі кезеңге Мамишзаде шықты. Қорытынды есеп – 1:2 (28:29, 28:29, 28:29). 

Олжас 1/16 финалда пуэрто-рикалық Хевьер Синтронмен қолғап түйістіріп, жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, биылғы жылы бокстан ерлер құрамасы алғаш рет Олимпиада ойындарына толық құрамада барған еді. Бірақ бүгінге дейін төрт боксшымыз жарыстан жолынан шығып үлгерді.

Ұлт порталы