Фото: Gov.kz
Экономист Айбар Олжаев Қазақстан экономикасы 2025 жылы мұнай бағасының өспеуіне қарамастан, ішкі жалпы өнімнің 6,2%-дық өсімін көрсетіп, феноменалды нәтиже тіркегенін мәлімдеді. Бұл – еліміз үшін бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Сарапшының айтуынша, дәл осындай өсім 2011 жылы да болған, бірақ ол кезде ЖІӨ-нің артуына мұнай бағасының күрт көтерілуі әсер еткен. Ал мұндай көрсеткішке еліміз Үкіметтің тиімді жұмысының арқасында жетіп отыр дейді ол.
Айбар Олжаев үшінші тоқсанда тура осы қарқынды сақтай алсақ, 2025 жылы қазақ экономикасы 300 миллиард доллардан асатын болады деп болжам жасайды. Бұл Вьетнаммен иық тіресуге мүмкіндік береді, сондай-ақ Ресей экономикасымен 10 есе алшақтығымыз едәуір қысқарып, 7 есе аз боламыз.
"Биыл біз экономиканың сан бойынша емес, сапа бойынша өскенін көрдік. Өсім көлік пен логистика (22,7%), құрылыс (18,4%), тау-кен өнеркәсібі және сауда (8,4%), өңдеу өнеркәсібі (5,5%) арқылы келді. Қазақ елі шын мәнінде индустриялануда. Экономика құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2024 жылы 12,2%-ға дейін ұлғайып кеткен. Бұрын диверсификация біз үшін қағазға жазылған күрделі сөз болса, енді жаңа форматтағы менеджер Олжас Бектенов іс жүзінде диверсификацияның қалай болатынын көрсетті", - деп жазды ол.
Сарапшы жуық арада Серік Жұманғарин да қазақ еліне экономиканы тиімді өсіру бағдарламасын жариялайтынын атап өтті. Бағдарлама бойынша Қазақстан оптималды әрекет ететін болады.
"Яғни капитал өңдеу, тау-кен өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен және инфрақұрылым сияқты ең перспективалы салаларға нысаналы дәлдікпен бағытталмақ", - деп жазды сарапшы.
Айбар Олжаев Олжас Бектеновтың де ішкі трансформациясы туралы да сөз етті. Үкімет басшысы бірінші рет журналистер алдына шығып, ауқымды баспасөз конференциясын берді. Ешбір сұрақтан қашпай, бәріне жауап берді.
"Қоғаммен диалог тек жетістіктерді айтумен ғана шектелмейді. Ол шешуді қажет ететін нәзік мәселелерді ашық талқылаумен бағаланады. Мұндай өзара әрекет ету стилі сенімді нығайтып, жалған ақпарат тарату қаупін азайтады.
Экономиканың өсуімен қатар, Абайұлы да саясаткер ретінде жақсы өсіп келеді. Онымен ешкімнің таласа алмайтыны хақ. Үкімет басшысы экономиканы дамыту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын толық және сапалы орындауда", - деп баға берді Айбар Олжаев.
