09 қар, 2020 сағат 09:53

Olx.kz арқылы жүргізуші куәлігін жасатпақ болған 5 адам алданып қалды

Елорда полицейлері Olx.kz арқылы жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген алаяқты ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша аталмыш сайт арқылы ол бірнеше адамның сеніміне кіріп ақшасын жымқырған. 

«Елорда тұрғыны 5 адамның сеніміне кіріп, олардың 356 мың теңге ақшасын иемденген. Ол Olx.kz сайтында жүргізуші куәліктерін жасау туралы хабарландыру жариялап, «Qiwi-әмиянға» ақша түскеннен кейін қоңырауларға жауап бермеген», - деді ол министрліктің баспасөз мәслихатында.

Қазір ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.