24 сәу, 2025 сағат 16:38

Олимпиада жүлдегері Ұлттық құрама бас бапкері атанды

Фото: Olympic.kz

Каратэден (WKF) Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асаділов Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ult.kz.

Дархан – спорт әлемінде зор жетістіктерге жеткен танымал тұлға. Оның спорттық жетістіктерінің арасында:

  • Токио Олимпиадасындағы (-60 кг) қола жүлде,

  • Әлем чемпионатының күміс (2008) және қола медалі (2018),

  • Гуанчжоудағы Азия ойындарының алтын жүлдесі бар.
    Сонымен қатар, ол Karate-1 Премьер-лигасының 8 мәрте жеңімпазы атанған.

Бұған дейін Дархан Асаділов Шымкент қаласындағы спорт мектебінде және Қазақстан жастар құрамасында жаттықтырушы қызметін атқарған.

Дархан Асаділовтің бас бапкер ретіндегі алғашқы халықаралық жарысы – мамыр айының соңында Ташкентте өтетін Азия чемпионаты. Сонымен қатар, оның негізгі мақсаты – Ұлттық құраманың бапкерлер құрамын жасақтау және 2026 жылы Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына жоғары деңгейде дайындық жүргізу.