09 мау, 2021 сағат 09:10

Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев жаңа қызметке тағайындалды


Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Астана Арланс" баспасөз қызметінің мәліметінше, Бақтияр Артаев Қазақстанның бокстан мемлекеттік жаттықтырушысы Болат Әбдірахмановтың орнына келді.

Артаев 2018 жылдың ақпанынан "Астана Арланс" бокс клубының бас менеджері қызметін атқарған. 

Бақтияр Артаев 1983 жылы 14 наурыз Тараз қаласында туған. Боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері. 2004 жылғы Грекияның Афина қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы.