21 қар, 2019 сағат 14:26

Ольга Рыпакова «World Athletics» атлеттер комиссиясына мүше болды

ҚР Қарулы Күштерінің майоры Ольга Рыпакова «World Athletics» атлеттер комиссиясына мүше болды. Ашық дауыс беру Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы (IAAF) кеңесінің Монакодағы отырысында өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олимпиада чемпионы, ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы Ольга Рыпакова атлеттер комиссиясына тағайындалуы туралы пікір білдірді.

«World Athletics» атлеттер комиссиясына мүше болу – үлкен абырой. Өйткені, ол – жеңіл атлетика ұйымдары мен жарыстарына басшылық ететін жоғары орган. Оның құрамында болу – спортты жақсартатын ұсыныстар айту мүмкіндігі. Өзге әріптестерімді де осы комиссияға мүше болып сайлануымен құттықтаймын. Біз бірге көп шаруа тындыра аламыз. Өзіме білдірілген сенімді ақтап, еліміздің атынан «World Athletics» құрамында лайықты жұмыс істеуге барымды саламын», – деді спортшы.

Айта кетейік, «World Athletics» атлеттер комиссиясына алты спортшы сайланады. Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығына бүгінде әлемдегі 212 ел мүше.