Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова қола жүлдені еншіледі, деп жазады "Ұлт ақпарат".
Отандасымыз үш қарғып секіру сынының финалдық кезеңінде 14,74 метр нәтижие көрсетті. Бұл бәсекеде алтын медаль колумбиялық Катрин Ибаргуэнге бұйырды. Оның көрсеткіші - 15,17 м. Ал екінші орын венесуэлалық Юлимар Рохастың (14, 98 м) еншісіне кетті.
Еске сала кетсек, Ольга Рыпакова Лондон Олимпиадасында 14,98 метрге секіріп алтыннан алқа таққан болатын.
Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медальмен 16-орында келеді.
Ұлт порталы