Олег Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Олег Павлович Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалсын" - делінген Жарлық мәтінінде.
Олег Крук 1967 жылы туған, Павлодар индустриалдық институтын бітірген. Өнеркәсіптік жылу энергетикасы инженері біліктілігі бар. Павлодар облыстық мәслихатының VІ шақырылым депутаты болған.
Еңбек жолын Павлодар үшінші Жылу электр орталығында (ЖЭО) монтер болып бастады. Ұзақ жылдар бойы Павлодар қаласының тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындарында жұмыс істеді.
2007 жылы Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментін басқарған.
2008 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Осы лауазымда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергетика, құрылыс және көліктік инфрақұрылым мәселелеріне жетекшілік етті.
Кейінгі жылдары «Казэнергокабель» акционерлік қоғамының бас директоры, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры болып жұмыс істеді.
Осыған дейін Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.