17 қаң, 2022 сағат 13:05

Оқытушылар «Қазақстан халқына» қорына ақша аударуға міндетті емес - БҒМ


Әлеуметтік желілерде педагогтер мен оқытушыларды "Қазақстан халқына" қорына қаражат аударуға міндеттеу туралы әртүрлі пікір тарап жатыр. Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мұндай  жағдайды жоққа шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қайырлы күн! Әлеуметтік желілерде педагогтер мен оқытушыларды «Қазақстан халқына» қорына қаражат аударуға міндеттеу туралы пікірлер жазылып жатыр. Мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, БҒМ-ге қарасты жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері қорға ақша аударуға міндеттелмейді. Білім ұйымдарының басшылары хабардар. Дегенмен, мұндай мәселе туындап жатса, маған жаза аласыздар», - деп жазды ведомствоның баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева Facebook парақшасында.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен елде «Қазақстан халқына» атты қоғамдық қор құрылды.

16 қаңтарда "Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесі сайланды.