Оқу жылының басталуына арналған шаралар онлайн форматта өтеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«1 қыркүйек — Білім күні. Мектептерде Білім күніне және оқу жылының басталуына арналған онлайн линейкалар өтеді. Балалар мектепке келмейді, онлайн линейкаларға қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары арқылы қатысады», - делінген министрліктің хабарламасында.