23 қар, 2020 сағат 20:27

Оксфорд университетінің коронавирусқа қарсы екпесі 70% тиімді екенін көрсеткен

Ірі зерттеудің қорытындысы коронавирусқа қарсы Оксфорд университетінде жасалған вакцина COVID-19 белгілерінің ушығуын алдын алуда жоғары нәтижелілігін көрсетті, деп хабарлайды BBC.

Алдын ала беріліп отырған мәліметке сәйкес, вакцина нәтижеліліктің 70 пайызын көрсеткен. Алайда зерттеушілердің айтуынша, дозаны өзгергерткен жағдайда ол 90 пайызға дейін жетуі мүмкін.

Сынақ барысында еріктілерге екі түрлі жолмен вакцина егіліп, нәтижесі әртүрлі болып шыққан.

Бірінші жағдайда шамамен 3 мың адамға жарты доза егілген, бір айдан соң толық салынған. Мұндай амал 90 пайыз тиімді екенін көрсеткен.

Екінші жағдайда еріктілер бірден толық дозаны қабылдап, бір айдан кейін осы процедура қайталанған. Бұл амал 62 пайыз тиімді екенін көрсеткен.

Осылайша екі тесттің нәтижесін біріктіріп, орташасын шығарғанда AstraZeneca компаниясының коронавирус вакцинасы 70 пайыз тиімді екенін көрсетті деп айтуға болады. Компания таратқан хабарламада вакцинаның +2 мен +8 градус аралығында сақтала беретіні, вакцина салуға ерекше жағдай керек еместігі айтылған.

AstraZeneca компаниясы өнімді пайдалануға рұқсат етілсе, 2021 жылы 3 миллиардқа дейін өндіруге дайын екенін айтып отыр.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Оксфорд университетінің вакцинасы нәтижелілік жағынан Pfizer және Moderna компанияларының вакциналарынан кейінгі орында тұр. Аталған компаниялардың вакциналарының қорғаушылық пәрмені 95 пайызға жеткен.

Алайда BBC оксфордтық вакцина Pfizer және Moderna вакциналарынан қарағанда едәуір арзан әрі оны сақтаудың оңай екенін, вакцинаны әлемнің кез келген нүктесіне жеткізуге болатынын атап өтеді. Егер реттеу органдары тарапынан мақұлданса, вакцина пандемияға қарсы күресте маңызды рөл атқармақ. 

«Вакцинаның нәтижелілігі туралы бүгінгі мәлімдеме (Оксфорд университетінің) бізді вирус туындатқан күйзелістен шығуға тағы бір қадам жақындатары сөзсіз», - деп мәлімдеді вакцинаны жасаған профессор Сара Гилберт.

Ұлыбритания үкіметі оксфордтық вакцинаның алдын ала 100 миллион дозасына тапсырыс берген. 

Ұлыбританияның Премьер-министрі Борис Джонсон «керемет жаңалыққа» байланысты қуанышын білдіріп, вакцинаның қауіпсіздігін тексеру жұмыстары алда болса да, оны «фантастикалық нәтиже» деп атады.

Вакцинаны әзірлеуге шамамен 10 ай уақыт кеткен. Әдетте мұндай процесс ондаған жылдарға созылады.

Ұлыбритания мен Бразилияда сынаққа қатысқан 20 мың еріктіден алынған екі нәтиже бар.

Жалпы вакцинаның екі дозасын алған 30 адам Covid-19 індетін жұқтырған. Сондай-ақ фиктивті инъекция алған 101 адам коронавирусқа шалдыққан. Осылайша, зерттеушілер вакцинаның нәтижелілігі 70 пайызды көрсеткенін мәлімдеді. Бұл көрсеткіш - маусымдық тұмау екпесінен де жақсы көрсеткіш.

Сонымен қатар осы вакцинаны салдырған бірде-бір адам коронавирустың ауыр түріне қайтадан шалдықпаған және олар стационарлық емді қажет етпеген.

Жетекші зерттеуші, профессор Эндрю Поллард бұл нәтижеге «көңілі ырза екенін», себебі «бұл дегеніңіз - бізде бүкіл әлемге арналған вакцина бар деген сөз».

Ұлыбританияда оксфордтық вакцинаның 4 миллион дозасын қабылдауға әзір адамдар бар екен. Алайда реттеуші органдар мақұлдамай, бірде-бір адамға вакцина салынбайды. Реттеуші органдар вакцинаның қауіпсіздігі мен нәтижелілігін бағалап, жоғары стандарттарға сәйкестігін тексеруі тиіс. Бұл процесс адағы апталарда болады.

Ұлыбритания жаппай иммундау бойынша теңдессіз кампанияны бастауға дайын тұр. Бұл процесс жыл сайынғы тұмауға қарсы вакцинаның өзін жолда қалдырайын деп тұр. Ең бірінші кезекте қарттар үйінің тұрғындары мен персоналына екпе жасалады. Одан кейін вакцина медицина қызметкерлері мен жасы 80-нен асқан азаматтарға салынады.

BBC оксфордтық вакцина Pfizer және Moderna компанияларының вакциналарынан қарағанда басқа амалды қолданатынын атап өтеді. Яғни оксфордтық әдіс бойынша пациенттерге вирустың генетикалық кодының бір бөлігі салынады.

Әлбетте Pfizer және Moderna компанияларының вакциналарының вакциналарының 95 пайыздық пәрменінен қарағанда 70 пайыздық көрсеткіш әлемді тамсандыра қоймауы мүмкін. Әйтсе де, бұл вакцина - Covid-19 жұқтырған адамдарды құтқарып қалуға қауқарлы әрі ол маусымдық тұмауға қарсы екпеге қарағанда едәуір тиімдірек. Сонымен қатар оның басқа да басымдықтары мен артықшылықтары бар. 

Бағасы шамамен 3 фунт стерлинг тұратын оксфордтық вакцинаның бағасы да арзан. Мәселен Pfizer компаниясының вакцинасының бағасы 15 фунт стерлинг, ал Moderna компаниясының вакцинасы 25 фунт стерлинг тұрады.