ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар кезеңінде көлік құралдарын утильдеудің жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 миллиард теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы бас директоры соттың санкциясымен қамауға алынды.
Сонымен қатар, бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен экология вице-министрі және "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы ұсталған еді.
Тергеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, қаңтардың аяғында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталғанын растаған еді. Олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді.
Екеуі де Нұрсұлтан қаласының УҰИ-на қамалды.
650 рет оқылды