07 мау, 2020 сағат 23:04

Нью-Йоркте коменданттық сағат алынып тасталды

Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио жексенбі күні мерзімі біткен коменданттық сағатты созбауға шешім қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы Билл де Блазио өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Нью-Йорк: біз коменданттық сағатты алып тастаймыз, шешім шұғыл күшіне енеді. Кеше және түнде қалада жағдайдың түзелгендігі байқалды», - деп жазды ол. 

Нью-Йорк штатының билігі 8 маусымнан бастап коронавирус пандемиясына байланысты шектеуді алып тастауды жоспарлаған.

CNN телекомпаниясының деректеріне қарағанда, кеше түнде мегаполюстегі демонстрация кезінде 10 адам, ал сенбіге қараған түні 270 адам ұсталған.

Еске сала кетсек, билік коменданттық сағатты АҚШ-тың шамамен 40 қаласында енгізген еді.