ҚР Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласының маңыздылығын айтты, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрлан Нығматулин Президенттің мақаласы саяси реформа және экономикалық жаңғыру бағдарламасын толықтырып тұрғанын атап өтті.
Сонымен қатар, ол технология мен инновация дамығанымен, рухани бірлікті ұмытуға болмайтынын да айтты.
Нығматулиннің айтуына қарағанда, Елбасының мақаласы - қоғамдық сананы жаңғыртудың көлемді жобасы.
"Елбасы алдымызға қойған, қоғамдық сананы жаңғыртатын жаңа көлемді міндеттер халқымыз үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, елімізді дамудың жаңа сатысына көтереді деген сенімдемін", - деп аяқтады ол.