Мәжілісте Палата спикері, «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен фракцияның кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отырыста «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлау бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру жөніндегі бірлескен жұмысы туралы айтылды.
Жиынға Премьер-Министр Асқар Мамин, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек және Үкімет мүшелері қатысты.
Елбасының 14 қаңтарда партияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі «Жол картасын» әзірлеп, жария түрде қарауға қатысты тапсырмасы туралы айтқан Мәжіліс Төрағасы: Елбасының 14 қаңтарда партияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі «Жол картасын» әзірлеп, жария түрде қарауды тапсырған тапсырмасы туралы айтқан Мәжіліс спикері: - Партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, бұл бағдарлама осы жылдарда жасалға реформалардың заңды жалғасы. Сонымен бірге, бұл құжат – бүкіл елімізді жаңғырту және барша қазақстандықтардың өмірін жақсартудың нақты жоспары, - деді.
Сондай- ақ ол бағдарламаны іске асыруға қажетті қаражаттардың көзделгенін атап өтіп, депутаттар сыртқы және ішкі нақты жағдайларды ескере отырып, кезекті республикалық бюджет жобасын қарау кезінде халық алдындағы міндеттемелерді қаржыландыру үшін қажетті түзетулерді енгізуге дайын екенін жеткізді.
Отырыс барысында Нұрлан Нығматулин: «Елбасымыздың «Жол картасын» әзірлеу туралы тапсырмасына сәйкес, көптеген жұмыстар атқарылғанын көріп отырмыз. Оған фракция депутаттары да, Үкімет мүшелері де, партия өкілдері де белсенді қатысты. Алдағы жоспарларымыз, мақсаттарымыз белгілі. Енді осы бағытта жұмысымызды одан әрі жалғастыратын боламыз» - деді.
«Жол картасы» партияның нақты мақсаттарына бағытталғанын жеткізген Палата спикері сайлауалды бағдарма халықтың барлық санатын қамтығанын айта келе:
«Сонымен бірге, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, денсаулық, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамытуға жаңа қадам жасалынды. Осы бағдарламада отбасын, әйел азаматтарды, жастарды қолдауға да ерекше көңіл бөлінді. Осы мақсаттарға жету үшін «Жол картасының» әрбір тармағының орындалуын қатаң бақылау қажет. Бұл Елбасымыздың қаңтардың ортасында бізге берген тапсырмасы» - деді.
Бұл ретте «Жол картасының» барлық бағыттары Мәжілістің комитеттері арасында бөлінген. Ал «Жол картасының» нақты тармақтарына бақылауды күшейту үшін «Nur Otan» фракциясының депутаттары бекітілді. Сонымен қатар, депутаттар бағдарлама тармақтарының орындалуы туралы ақпарат беруге дербес жауапты мемлекеттік органдардан да анықтауды ұсынды. Кем дегенде, бұл вице-министр деңгейінде болуы керек.
«Бұл «Жол картасы» – әрбір облысты, әрбір ауданды әрбір ауылды және барлық халықты қамтиды. Алға қойған міндеттерді, ашық, сапалы, тиімді орындауға кең жол ашады. Себебі, онда Партиямыздың Төрағасы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, барлық сала бойынша, әсіресе, әлеуметтік сұрақтарды шешудің нақты шаралары көрсетілді, - деп атап өтті жиынды қорытындылаған Мәжіліс төрағасы.