Мәжілістің жалпы отырысында «Нұр Отан» партиясының мүшесі Нұржан Әлтаев депутат атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен «Нұр Отан» партиясының мүшесі Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркелді», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Кейін Әлтаев депутаттар алдында ант қабылдады.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіне жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - деді ол.
Сонымен қатар жаңа сайланған депутат ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі атанды.
Айта кетейік, Нұржан Әлтаев осыған дейін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарған.