ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Түркістан облысында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатының жүзеге асыру барысындағы 2020 жылы атқарған жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Республика бойынша тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кәсіптік білім беретін бірден бір мекемені аралап көрді.
Түркістан облысындағы сапары аясында министр өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арнаулы кәсіптік колледжіндегі» балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жүйесімен танысты. Бұл мекеме мемлекет қамқорлығына алынған әрі жасы 15-тен асқан мүгедек балалар арасынан кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаумен және еңбек нарығының талаптары мен өндіріс сұраныстарын ескере отырып даярлаудың сапасын ұдайы жетілдіру мақсатында ашылған.
Кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыруда арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынудағы стационарлық үлгідегі ұйым саналады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы 74 955 адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан.
Оның ішінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша 3676 адам Бизнес-бастау жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды. 1 085 адам 3 млн теңгеден басталатын шағын несиемен қамтамасыз етілген. 8 мыңнан аса адам 550 мың теңгеден мемлекеттік грант алып, кәсібін дөңгелетуде.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аймақта 1037 жаңа жұмыс орындары ашылып отыр. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде 64,3 мың жұмыс орындары құрылған. 3761 адам кәсіпкер ретінде тіркеліп, бизнеспен айналысуда. Басым бөлігі, яғни 7 мыңнан астам азамат мал және құс шаруашылы мен егін шаруашылығын дамытуға кіріскен. 2517 азамат халыққа қызмет көрсету саласына бет бұрып, тігін, кондитер цехы, шаштараз, дәріхана, сұлулық салоны, автокөлік жөндеу орталығы, жихаз цехы және басқа салада өз кәсібін дамытуда.